Қамқоршылық кеңес хаттамасының көшірмесі №4 » Коммунальное Государственное учереждение "Средняя школа-сад имени Койшибая Толеубекова"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2022

Қамқоршылық кеңес хаттамасының көшірмесі №4

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі » КММ Қамқоршылық кеңесінің №4 отырысының ХАТТАМА көшірмесі Өтілу мерзімі: 21.05.2022 жыл сағат: 10:00 де Қатысқандар: Комитет төрайымыҚартқожанова Айгуль Самалгановна Орынбасары :Орақбаева Айгуль Жумагазыевна Мектеп директоры: Сейтканов Берік Бейсенович Кеңес мүшелері: 1.Толегенова И.Т. 2. Толемисова А.К. 3.Нурбеков Е.А. 4. Маликова А.Б. 5.Сибатаева А.Г. 6.Серикболова Б. 7.Құрманғалиев М. Күн тәртібі 1.Қамқоршылық кеңесінің төрайымыА.С.Қартқожанованың жылдық есебі 2. Оқушылар қауіпсіздігі.Жаз кезіндегі оқушылардың демалысын ұйымдастыру 3.Мектеп ауласын көгалдандыру 4. Ағымды мәселелер 1.Бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңес төрайымы А.С. Қарқожанова сөз алды. «Қамқоршылық кеңесі» 2021 жылдың тамыз айында құрамы бекітіліп, жоспарға сай жұмыстар жүргізуде. Қыркүйек айында әр түрлі санаттағы отбасылардан 82 өтініш қабылданған болатын. Осы санаттағы оқушының барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылып, әр түрлі көмектер алды. Сонымен қатар Республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында жақсы жұмыс атқарылды. Демеушілермен тығыз байланыс жасап, жалпы көмек берген сомасы 41 000 теңге. Желтоқсан айында «Жүрегім толы мейірім», «Жақсылық жасауға асық» қайырымдылқ акцияларын ұйымдастырып, мектептің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, азқамтылған отбасынан шыққан, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға жалпы сомасы 52 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Олар: 1 сынып оқушысыКәмілжа Бегзат (куртка), 9 сынып оқушысы Орал Е(спорткиімі, кроссовки), 5 сынып оқушысы Ринатұлы А, 3 сынып оқушысы Арслан Н, 1 сынып оқушысы Намазшанов б (аяқ киім)Сонымен қатар балалардың ең сүйіп күтетін Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жыл ертеңгіліктерінде түрлі тәттілер, сыйлықтар таратылды. Мектептегі қамқоршылық кеңесі мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен байланыста болады. 2.Екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Маликова сөз алды. Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Жаз айларында «Айгөлек» мектепішілік ойын алаңы және «Үржарайым» лагеріне аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім балалалар тегін қатысады.. Бірінші маусым 10 күн, екінші маусым 10 күн болады. Ойын алаңы өз жұмысын 1 маусым күні бастайды, оған 1 және 2 сынып оқушылары қатысады ал екінші маусым – 11 күні басталады. «Үржарайым» лагеріне 15 квота бөлініп отыр, 5-8 сынып оқушылары қамтылады. Биылғы жылы оқушыларымыз 6 сезонға 29 шілде күні баоарды. Оқушылардың тізімін нақтылап, бекітіледі. Жаз-балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең.Ата-аналар өте мұқият болу керек, себебі демалыс орындарында иүрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан əр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн. ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗ ЕРЕЖЕЛЕР" тақырыбында слайд-нұсқаулықтарды шығарды: 1) Жол қауіпсіздігі; 2) Өрт қауіпсіздігі; 3) Судағы қауіпсіздік ережелері; 4) Табиғаттағы қауіпсіздік т.б бойынша 1-11 сынып жетекшілері ата-аналар мен оқушылардың чаттарына жіберіп түсіндіру жұмыстарды жүргізді. 3.Мектеп іші мен ауласын көгалдандырып, гүл мәдениетін дамыту арқылы оқушыларды табиғатты аялап, қастерлеуге үйретіп, жауапкершілікті қалыптастыру. Мектеп алаңын көгалдандыру жұмысы оқушыларға білім беру мен еңбек тәрбиесіне біртұтас енуі тиіс. Білім беру мекемесінің көгалдандыру жұмыстарына қатысатын үлкендер балаларға өзі үлгі болып жол бастай алады. Мектеп маңындағы көлеңкелі бау ең алдымен санитарлық-гигиеналық маңызға ие болады.Мектепті көгалдандыру жұмысының барысы: Мектеп территориясын функционалды аймақтарға бөлінді. Мектеп ауласының әр бұрышына сай декоративті безендіру әдісі құрастырылды. Гүлзарлар – көгалдандырудың маңызды элементі. Оларды мектеп ғимаратының алдына, жол жиектеріне орналастырады. . Аула тек безендіріліп қана қоймай, оқушылар ұстаздарының жетекшілігімен әр түрлі гүлдер өсіріліп, қадағаланды. Демалыс алаңы ретінде оқушыларға, ұстаздарға т.б. пайдалану үшін арнайы жасалған орындықтар мен қоқыс жәшіктерінің дұрыс орналасуы басты назарда болды. Акцияға ата-аналар да белсене қатысты. Шешім: 1.2021 -2022 оқу жылында қамқоршылық кеңес мүшелерінің жұмысы «қанағаттанарлық» деп бағаланып, жүмысы жалғассын 2. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырылып, құжаттарды жинастыру тәрбие ісінің меңгерушісі Л. Маликова жүктелсін 3.Мектеп ауласын абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірлескен акция барсында жүргізілген жұмыс «жақсы» деп бағалансын Шешімді төмендегі қол қойңан қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері қолдады: 1.Қартқожанова А.С. 2.Оракбаева А.Ж. 3.Толегенова И.Т. 4.Толемисова А.К. 5.Нурбеков Е.А. 6.Маликова А.Б. 7.Серикболова Б 8.Сибатаева А.Ғ. 9.Құрманғалиев М.М. Мектеп директоры: Б.Б.Сейтканов Хатшы: А.Т.Дандесова Выписка из протокола заседания №4 Попечительского совета КГУ «Средняя школа имени Койшибая Толеубекова» отдела образования Урджарского района управления образования ВКО 2021-2022 учебного года от 21 мая 2022 года Присутствовали: 12 человек Повестка дня. 1. Годовой отчет председателя попечительского совета. С. Карткожановой 2. Безопасность учащихся.Организация отдыха учащихся в летний период 3. озеленение школьного двора 4Текущие вопросы Решение: 1.В 2021 -2022 учебном году работу членов попечительского совета оценить на «удовлетворительно» и продолжить работу 2. Организацию летнего отдыха учащихся и сбор документов возложить на заведующую воспитательной работой Л. Маликову 3. работу, проведенную в ходе совместной акции по благоустройству и озеленению школьного двора, оценить на «хорошо» Решение утвердили все подписавшиеся члены попечительского совета: Орақбаева Айгуль Жумагазыевна Толегенова Индира Толегеновна Толемисова Айнур Қуанышбековна Нурбеков Ержан Ануарбекович Серикболова Бакыт Сибатаева Айгуль Галымовна Маликова Айгуль Бигажиевна Қурмангалиев Мухтар Муратович Директор школы: Б.Б. Сейтканов Председатель попечительского совета: А.С. Қартқожанова Секретарь: А.Т.Дандесова