Ақпарат » Коммунальное Государственное учереждение "Средняя школа-сад имени Койшибая Толеубекова"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Еңбек күні” мерекесіне орай “Еңбегімен ел таныған” атты халықтың құрметіне бөленген ауыл кәсіпкерлерімен, маман иелерімен кездесу кеші
20
сентябрь
2024
“Еңбек күні” мерекесіне орай “Еңбегімен ел таныған” атты халықтың
2024жылдың 20 қыркүйек күні “Еңбек күні” мерекесіне орай “Еңбегімен ел таныған” атты халықтың құрметіне бөленген ауыл кәсіпкерлерімен, маман иелерімен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол таңдауына ықпал ету. Еңбек етудің адам өміріндегі орнын сезіндіру. Кеш қонақтарына 11 сынып оқушылары қызықтыратын сұрақтарын қойып сұхбаттасты. Кештегі қонақтар тарапынан берілген ақыл- кеңес оқушыларымызға үлкен ой салып, болашақта қалар
Қартқожанова Аяжан физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И.Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған математикадан облыстық олимпиадаға қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды!
20
сентябрь
2024
Қартқожанова Аяжан физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Құттықтаймыз!10"А" сынып оқушысы Қартқожанова Аяжан Семей қаласында өткен физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И.Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған математикадан облыстық олимпиадаға қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды! Жарайсың,Аяжан! Алар асуларың көп болсын!Жетекшісі Жанар Танирбергеновна Шакенова.  
10"А" сынып оқушысы Қартқожанова Аяжан физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И.Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған математикадан облыстық олимпиаданың аудандық кезеңінде  1орынға ие болды
18
сентябрь
2024
10"А" сынып оқушысы Қартқожанова Аяжан физика-математика ғылымдарының
Құттықтаймыз!10"А" сынып оқушысы Қартқожанова Аяжан физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И.Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған математикадан облыстық олимпиаданың аудандық кезеңінде жүлделі 1орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды! Жетекшісі Жанар Танирбергеновна Шакенова. Аяжан, сәттілік!  
Отбасы күніне орай мектебімізде "Тоғызқұмалақтан" мектепішілік жарыс өткізілді.
06
сентябрь
2024
Отбасы күніне орай мектебімізде "Тоғызқұмалақтан" мектепішілік жарыс
Отбасы күніне орай мектебімізде "Тоғызқұмалақтан" мектепішілік жарыс өткізілді. Ұйымдастырушы Талғат Хабидуллаевич Абраев  
«Мектепке жол» акциясы
03
сентябрь
2024
«Мектепке жол» акциясы
Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Еуразиялық банк» АҚ-ның қызметкерлері мектеп ұжымын және оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, 2 сынып оқушысы Клишина Евгенияға демеушілік жасап, оқуға қажетті құрал жабдықтарды табыстады. «Мектепке жол» акциясына атсалысқан «Еуразиялық банк» АҚ шексіз алғысымызды білдіреміз.  
" Менің Отаным-Қазақстан" сынып сағаттары
02
сентябрь
2024
" Менің Отаным-Қазақстан" сынып сағаттары
Жаңа оқу жылы мектебімізде " Менің Отаным-Қазақстан" сынып сағаттарымен басталды. Мақсаты: оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру,оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу.  
«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында Білім күні
01
сентябрь
2024
«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында Білім күні
1 қыркүйек 2024 жылы «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында Білім күнінің салтанатты жиыны өтті. Мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру. ​https://www.instagram.com/reel/C_X_Bj6IMjo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Абай облысы Білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды
29
август
2024
Абай облысы Білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен
29 тамыз күні аудандық ұстаздардың тамыз кеңесінде мектебіміздің директоры Айнұр Нұрбекқызы Тельжанова және биология пәнінің мұғалімі Меруерт Алданғорқызы Тайлақбаева Абай облысыбілім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды! Құттықтаймыз!