«Сиқырлы сандық сырлары» «Тайны волшебного сундучка» » Коммунальное Государственное учереждение "Средняя школа-сад имени Койшибая Толеубекова"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
июнь
2018

«Сиқырлы сандық сырлары» «Тайны волшебного сундучка»

Үстіміздегі жылдың  сәуір айында  Елбасының «Рухани  жанғыру» мақаласының   негізінде  құрылған бағдарлама аясында  «Үржар  балаларға арналған  арнайы  қызмет көрсету орталығында» Төлеубеков атындағы  орта  мектептің  бастауыш сынып  мұғалімдері ұйымдастыруымен «Сиқырлы  сандық  сырлары» атты тәрбиелік - сахналық  шара өткізілді. Шараның  мақсаты - тағдыр  тауқыметін  тартқан  қамкөңіл  балалардың  көңілін көтеріп,  ертегі  кейіпкерлері арқылы қиялдарын   дамытуға  үлес қосу. Мектебіміздің  бастауыш  сынып  мұғалімдері мен  балалары сахналық  қойылым даярлап, балаларға   «Сиқырлы   сандықтың» сырын  ашты.  Аталмыш  шара 4 бөлімнен  тұрды. Атап айтқанда, қызықты  ойын түрлерін ойнату, жұмбақ  шешу, сұхбаттасу, кітаптың  жасалу  жолдары мен түрлері,  сондай  ақ ертегілер еліне  саяхат жасай  отыра, көрініс  тамашалады.  Және де  мектеп  оқушылары орындауында  әуелеген  әсем   ән мен мың  бұралған  бишілердің өнеріне  тәнті  болып, орталық тәрбиеленушілері өз  өнерін  ортаға салды. Шара соңында   орталық  балаларына тосынсый   және  естелік ретінде  кітапшалар таратылды.

 Осындай   шаралар арқылы мектеп оқушылары   денсаулықтың қадірін түсініп, мейірімділік  пен жанашырлыққа  тәрбиеленеді. Болашақ жастардың көкейіне  мейірім  отын жағу,  ерекше  болып жаралған  балалардың  өмірге  деген  құштарлығын арттыру мақсатында орталықпен  қарым-қатынасты  жандандырып, біріккен  шараларды, кездесулер  мен акциялар  ұйымдастыру   келешекке жоспарланды. 

 В апреле  этого  года в Урджарском  коррекционном  центре   прошло  сценическое воспитательное  мероприятие «Тайны  волшебного  сундучка» организованное   учителями   начальных  классов средней  школы  имени    Толеубекова. Данное  мероприятие  было  спланированно   на  основе программной  статьи  Президента «Взгляд в будущее». Целью  данного  мероприятия  являлось  поднятие  настроения детям,  обременённых  тяготами  судьбы ,а так  же  с  помощью  сказочных  персонажей  способствоватьразвитию  у  них  фантазии. Дети  начальных  классов  в  ходе  мероприятия  представили  зрителям  сказочную инсценировку  и  открыли вместе с ними   волшебный  сундук. Далее   по  сценарию    воспитательное  мероприятие  состояло  из  четырех   частей. Где, дети  разгадывали  загадки, играли  в  интересные  игры, беседовали,знакомились  с  историей  книги , видами  и  методами  его  изготовления, совершили  путешествие  в  страну  сказок. Воспитанники  центра  радостно  восприняли  песни  и  танцы    в  исполненнии  детей .В конце  мероприятия   мы стали  свидетелями  чудесного и  профессионального   исполнения  песен   детьми   центра. В  виде  сюрприза и  в память  об  этом дне   школьники  подарили  детям книжки. 

Это  мероприятие    способствовало  воспитанию у  детей  доброты  и  милосердия, а так же  дало  понять ценность  здоровья. Школа на  будущее  планирует  ряд   мероприятии, акции  и  встреч с  целью развития  взаимоотношения,  между  детьми  и  организацией  в  целом.  Главная  цель  взаимосвязи  зажечь в душе  детей  искорку  доброты и  увеличить страсть  к  жизни  у  особенных  детей.