ҰБТ-ға арналған онлайн-оқыту жүйесі іске қосылды » Коммунальное Государственное учереждение "Средняя школа-сад имени Койшибая Толеубекова"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2018

ҰБТ-ға арналған онлайн-оқыту жүйесі іске қосылды

«Бұл бағдарлама оқушылардың онлайн-тест арқылы өз білімін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жүйеге кіргенде оқушы міндетті түрде аты-жөнін, электронды поштасын, код сөзді және мектептің номерін көрсетуі тиіс. Тест тапсырған бала сол сәтте жауабын көре алады. Сонымен қатар, оқушының жеке кабинетінде қашан және қанша рет тест тапсырғаны, жауаптарымен сақталып тұрады», — дейді ОҚО білім басқармасының бастығы Исатай Сағындықов.

Сонымен қатар, ол бағдарламада қате жауаптар туралы ақпарат алып, қателікпен жұмыс жасауға болады. Бір қуантарлығы, оқушылар кез-келген мобильді құрылғымен тестті тегін тапсыра алады. Республикада алғаш енгізілген жүйе тегін жұмыс істейді.

Бұл бағдарлама арқылы облыстық білім басқармалары қай мектептен қанша бала тест тапсырғандығын, нақты пәндер бойынша орташа көрсеткішті және аудан, қала мектептерінің деңгейін анықтай алатын болады.