Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі лауазымына конкурс өткізу туралы
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Қ. Толеубеков атындағы орта мектебі» КММ-сі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 ақпанындағы №57 бұйрығының негізінде келесі лауазымдық қызметіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ :
1. Абай облысы Үржар ауданы Науалы ауылы Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Қ. Толеубеков атындағы орта мектебі» КММ-ң қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 14 сағат (Еңбек ақысы 181394–ден 209267 -ке теңгеге дейін )
Біліктілік талаптары :
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімкадрларын даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
1.Оқушыларды олардың жеке ерекшеліктері мен жасын ескере отырып оқытуды, тәрбиелеуді жүзеге асыру.
2. Қосымша білім алуға, зерттеу дағдыларын алуға бағытталған сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруға жәрдемдесу.
3. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асыру, ата-аналармен жұмысты үйлестіру
4. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктімеңгеру.
5. Білім алушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын бекіту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олар өз кезегінде мәлімделген стандарттарға сәйкес келуі тиіс.
6. Оқу сабақтары мен сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде гигиеналық және санитарлық нормаларды қамтамасыз ету. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды бақылау.
7. Оқушыларды даярлаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету. Нәтиже мемлекеттік деңгейде бекітілген Білім беру стандарттарына сәйкес келуі тиіс.
8. Оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру жоспарларын құру және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Білім беру стандарттары мен оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, әр сабаққа тақырыптық жоспарлар құру.
9. Оқушылардың дайындығын, жеке ерекшеліктерін, шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін ескере отырып, әртүрлі білім беру және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
10. Оқу сабақтарын қатаң түрде жалпы қабылданған стандарттарда, бірақ материалды ұсынудың және оқушылардың білімін бақылаудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып өткізу.
11. Білімалушылардың дәптерлерінің жүргізілуін бақылау, белгіленген орфографиялық режимді жүргізу.
12. Білім беру сабақтарын, көшпелі және жергілікті іс-шараларды өткізу кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету.
13. Білім алушылардың ықтимал жеке проблемалары мен қиындықтарын, оқу бағдарламасын игерудегі қиындықтарды анықтау және оларды жеңуге көмек көрсету.
14. Оқу материалын игеру туралы есеп беру туралы білім беру бағдарламасының талаптары шеңберінде бақылау жұмыстарын жүргізу.
15. Орыналған жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді оқу орнының кезекшісіне уақтылы беру және қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету.
16. Оқу жылында оқу кабинетінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін дәптерлерді сақтау.
17. Барлық педагогикалық кеңестер мен жиналыстарға, конференцияларға және сыныптан тыс шараларға қатысу.
18. Медициналық тексеруден жүйелі түрде (жылсайын) өту.
19. Білімалушылардың түрлі конкурстық іс-шаралар мен фестивальдерге қатысуын ұйымдастыру.
20. Белгіленген тәртіпте сынып құжаттарын жүргізу, білімалушылардың сабаққа қатысуы мен үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, тиісті балл қою.
21. Жарғыны және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
22. Мектеп қабырғасында, қоғамдық орындарда, тұрмыста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау.
Лауазымдық жалақысы:
1.Еңбек еткен жылдарына қарай - 181394–ден 209267 -ке теңгеге дейін
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны: Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: Абай облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы, Т.Бигельдинов 1а, Қ. Толеубеков атындағы орта мектебі, анықтама байланыс телефондары: 87223028178
Конкурсқа қатысу үшін кандидат қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.