24 ноябрь 2023 0 1 2 3 4 5 «Дүниежүзілік балаларды қорғау» күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндігі өткізілуі туралы қорытынды мәлімет Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Қ.Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ 2023-2024 оқу жылы бойынша 15-25 қараша аралығында «Дүниежүзілік балаларды қорғау» күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндігі өткізілуі туралы қорытынды мәліметҚазақстандық балалардың сапалы білім, медицина қызметін алуына, қоғамдық өмірге араласуына,қауіпсіз ортада жеке өміріне құқығын жүзеге асыруына және әртүрлі қызмет саласында өздерінің құқықтарынпайдалануынамүмкіндіктер бар. Қазіргі таңда балалар - қоғамдық бірлестіктер мен балалар ұйымдарының белсенді көшбасшылары, олар балаларға арналған жобалар,форумдар және іс шаралар жүзеге асырады. «Дүниежүзілік балаларды қорғау» күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндігі өткізу туралы тұжырымдама негізінде мектепішілік жоспар бекітіліп, 15-25 қараша аралығында іс- шаралар өткізілді. Оған мектеп оқушылары түгел қатысты. 2023 жылдың 17 қараша күні мектеп кітапханасында «Бала құқығы – адам құқығы» атты ақпараттық-құқықтық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың мәдени құқығын, БҰҰ- мен 1989 жылы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері бойынша білім деңгейін арттыру.20 қараша "Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір" республикалық онкүндігі аясында 8 сынып оқушылары "Бала құқығы-асыл қазына" тақырыбында эссе жазды. Эссе жазу арқылы бала өз ойын еркін айтуға құқылы екендігі, балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие екендіктерін білетіндігі айқындалды. Сондай ақ өздерінің міндеттері туралы да ойларын ашық жаза білді.Ұйымдастырушы қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Т.Дандесоваараша күніӘрбір сыныпта “Бала құқығы - асыл қазына” атауымен тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға өздерінің құқықтары жайлы кеңінен мәлімет берілді. Қарашаның 21-і жұлдызында ""Мен бақытты баламын!" спорттық жарыс өтті. І орынды – 3 «Б» сынып, ІІ орынды- 3 «а» сынып, ІІІ- орынды 4-сынып иеленді.23 қараша күні «Бақытты бала –бейбіт елдің тірегі» тақырыбында ата аналар жиналысы өтті . Жиналысқа мектеп директоры, ДТІЖО, ауылдық полиция қызметкерері қатысты. Жиналыс барысында мектеп психологы Е.Толеупов «Ата-ананың өмірге көзқарасы» атты тақырыпта сыр-сұхбат алды. Мектеп психологымен ашық әңгімелесіп, ата-аналар да ойларын ортаға салды. Ата-аналар көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап алды.Сонымен қатар онкүндік барысында «Түнгі қалада балалар» ІІБ қызметкерлерімен бірлескен рейдттар ұйымдастырылды. Қарашаның 24-і «Мен және менің құқығым» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Н.Жумадилов 10-сыныптар арасында танымдық сағат-лекторий ұйымдастырды. Лекторийдің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу,құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттап жүруге үйрету.Онкүндік барысында «Балалар игілігі үшін» қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы С.Б.Асылханова .«Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір!» атты іс-шара қорытындысын мектеп сайтына, инстаграм парақшасына орналастырды.Мектеп директоры: Б.Б.СейткановОрындаған: ДТІЖО Л.А.Маликова