ҰБТ туралы І-жартыжылдық қорытынды » Коммунальное Государственное учереждение "Средняя школа-сад имени Койшибая Толеубекова"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
январь
2019

ҰБТ туралы І-жартыжылдық қорытынды

2018-2019 оқу жылында 11 сыныпта оқитын оқушылардың саны - 28 (қазақ класында – 23, орыс класында - 5). Оның ішінде Науалы балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны – 6.
Мектебімізде жыл басынан бері жоспарлы түрде құрылған кестеге сәйкес 11 сыныптарда ҰБТ-ге дайындық жұмысы жүргізілуде. Аптасына 1 рет сәрсенбі күндері сағат 15.00-18.30 аралығында оқушылардан сынама тестілеу алынады. Қалған күндері сабақтан тыс уақыттарында, мектеп әкімшілігі құрған кестеге сәйкес консультациялар жүргізілуде. І-жартыжылдық қорытындысы бойынша алынған мектепішілік, аудандық сынама тестілеу 12 рет өткізілді (Кесте 1).
Жыл басынан бері ҰБТ-ге қатыспайтын оқушылар саны – 3 оқушы (өз өтініштері бойынша). Олар: Бақдәулет Ж., Жиенбаев А., Гайдученко Е.
І-жартыжылдықта сынама тестілеуге қатысып жүрген оқушылар саны - 25 /89%-ды құрайды/. Оның ішінде қазақ тілінде - 20 оқушы /71%/, орыс тілінде - 5 оқушы /18%/ сынама тестілеуге қатысып жүр.
Төменде көрсетілген кесте бойынша әр сынама тестілеуден алынған оқушылардың жеке-жеке көрсеткіштік жинаған ұпайларының орташа баллы. Сонымен бірге, І-жартыжылдық қортыныдысы бойынша мектепішілік жалпы орта баллы – 93 ұпай құрап отыр (Кесте 2). Алдағы уақытта жоспарға сәйкес 11 сынып оқушыларымен пән бойынша жекелей жұмыстар жүргізіледі.
Кесте 1

Кесте 2


Төменде көрсетілген кестеде жеке пәндерден әр кластың І-жартыжылдық бойынша орташа көрсеткіші және пәндердің орта балл мониторингісі (Кесте 3,4).
Кесте 3
№ Пәндер атауы 11а 11б 11в Орта балл
1 Математикалық сауаттылық 15 15 9 13,00
2 Оқу сауаттылығы 17 16 12 15,00
3 Қазақстан тарихы 17 15 6 12,67
4 Физика 24 24,00
5 Математика 26 23 17 22,00
6 Биология 27 32 10 23,00
7 Химия 25 29 7 20,33
8 Қазақ тілі мен әдебиеті 29 14 21,50
9 Тарих 26 14 20,00

Кесте 4


Жоғарыдағы кестелер мен мониторингтік нәтижелерге сүйене отырып, әр пәндерден жекелей консультацияларды өткізу керек. 2018-2019 оқу жылының 3 және 4 тоқсанында пәндерден нәтижеге қарай оқушылармен жекелей жұмыстар жалғасады. 50 баллдан төмен оқушылармен жеке дара жұмыстар өз жалғасын табуда.
2018-2019 оқу жылында «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны – 6 оқушы. Олар: Азтаукеева Ақжан, Мырзақанов Айдар, Қабдрахманов Әлібек, Мырзагалиев Галымжан, Уахитқанова Сымбат, Узбекова Аружан (Кесте 5).
Кесте 5

Кестеде көрсетілген көрсеткіш бойынша үміткерлер әлі де жоғары көрсеткіштік нәтижелерге қарай жұмыс жасауды қажет етеді. «Алтын белгі» белгісіне үміткер оқушылармен пән мұғалімдері үнемі жұмыс жасауда. Төменде үміткерлердің мониторингі көрсетіліп тұр (Кесте 6). Әсіресе таңдамалы пәндерден сынама тестілеу барысында төмен ұпайлар көрсетіп жүр. Себебі, таңдамалы пәндерден кейбір тақырыптарды өтпеген.
Кесте 6


Қорыта келе, І-жартыжылдық бойынша ҰБТ-ге дайндық жұмыстары «қанағаттанарлық» деуге болады. Келесі жартыжылдықта мектеп әкімшілігі тарапынан ҰБТ-ге дайындық шараларын одан әрі жалғастырады.




Мектеп директоры: Сейтканов Б.Б.

Орынд. тех.хатшы: Оспанов К.Ш.