Кәсіптік бағдар беруші лауазымына конкурс » Коммунальное Государственное учереждение "Средняя школа-сад имени Койшибая Толеубекова"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
август
2024

Кәсіптік бағдар беруші лауазымына конкурс








Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Қ. Толеубеков атындағы орта мектебі» КММ-сі Қазақстан Республикасы білім  және  ғылым  министрлігінің  «Мемлекеттік  орта  білім  беру  ұйымдарының басшыларын  конкурстық  тағайындау қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 ақпанындағы №57 бұйрығының  негізінде келесі лауазымдық қызметіне КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ :

1. Абай облысы   Үржар ауданы Науалы  ауылы Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Қ. Толеубеков атындағы орта мектебі» КММ-ң кәсіптік бағдар беруші, 1 бірлік (Еңбек ақысы 155733–ден  185376 -ке теңгеге дейін ) 

           Біліктілік  талаптары :

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімкадрларын даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

  1. мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

      оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;

  1. білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
  2. қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
  3. ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
  4. кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
  5. кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
  6. белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
  7. балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
  8. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.


Лауазымдық жалақысы

1.Еңбек еткен жылдарына қарай - 155733–ден  185376 -ке -ке теңгеге дейін 

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны:  Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: Абай облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы, Т.Бигельдинов 1а, Қ. Толеубеков атындағы орта мектебі,      анықтама  байланыс телефондары87223028178  

Конкурсқа  қатысу  үшін  кандидат қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді: 

1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

 10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

 11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Аталған  құжаттардың  бірінің  болмауы  кандидатты  конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.