25
сентябрь
2020
Облыстық математика және жаратылыстану пәндерінен онлайн Кешенді олимпиада жүлдегерлері
17 сәуір 2020 жыл мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары математика және жаратылыстану пәндері бойынша облыстық онлайн Кешенді олимпиадаға қатысты.Олимпиаданың мақсаты - дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсетудің инновациялық даму жүйесін жетілдіру, облыстық олимпиадалық резервті қалыптастыру. Олимпиада қортындысы: 6 сынып оқушылары Садыканова Еркежан, Айару, Маликова Жанель және 5 сынып оқушылары Қарткожанова Аяжан, Молданова Эльнара жүлделі І орын иеленді және Максутканова Алина ІІ орынға ие болды. Оқушыларды дайындаған пән мұғалімдеріне; Тайлақбаева М.А., Сейтканов Б.Б., Шакенова Ж.Т., Рахмангалиева Л.С. - алғыс білдіреміз. Жүлдегерлер мен ұстаздарға табыс тілейміз.