Акт 13.11.2024 г
АКТ
Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы білім бөлімінің«Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ
«13» қараша 2024 жыл
Біз, төмендегі қол қоюшылар: комиссия мүшелері: Тельжанова А.Н. мектеп директоры, Нурбеков Е.А..-қамқоршылық кеңесінің төрағасы., Ахметова Д.Е..-мектеп медбикесі, әлеуметтік педагог Д.Нұрланова Білім беру ұйымдарындағы ас блогтары жөніндегі жадынама бойынша тексеріс жүргіздік. Тексеріс бойынша келесі қорытынды шығарылды:
№ | Өлшем шарт | Қорытынды |
1 | Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы | Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды № F.20.X.KZ13VBS00109316 Берілген күні:17. 05. 2018жыл |
2 | Ыдыстарға, бөлшектеу мүкәммалына, жабдыққа және жиһазға қойылатын талаптар | Тамақтану объектілерінде олардың қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамасы және олардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттары (сертификаттары) бар Жарықтары, сынықтары, жиектері сынған, пішіні өзгерген, эмалі зақымдалған ыдыстар қолданыста жоқ Алюминий және дюралюминий ыдыстары тағамды дайындау және қысқа мерзімді сақтау үшін пайдаланылады. |
3. | Ыдыстарды, жабдықтарды жууға және күтіп-ұстауға қойылатын талаптар | Асхана ыдыстарын қолмен жуу мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) тмақ қалдықтарын механикалық жою; 2) ваннаның бірінші секциясында жуу құралдарын қоса отырып, суда жуу; 3) ваннаның екінші секциясында температурасы 40°С-тан төмен емес суда жуу және ваннаның бірінші секциясына қарағанда екі есе аз мөлшерде жуғыш заттарды қосу; 4) ваннаның үшінші секциясында тұтқалары бар металл торда ыдысты температурасы 65°С төмен емес ыстық ағынды сумен себезгі саптамасы бар икемді шланг көмегімен шаю; 5) барлық асхана ыдыстары мен аспаптарын оларды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарымен өңдеу; 6) ваннаның үшінші секциясында тұтқалары бар металл торда ыдысты себезгі саптамасы бар икемді шланг көмегімен ағынды сумен шаю; 7) ыдысты торлы сөрелерде, стеллаждарда кептір Тазалау, жуу оның ластануына қарай және жұмыс аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Өндірістік үстелдер жұмыс соңында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңделеді. |
4. | Жинау мүкәммалына қойылатын талаптар: . | Жинау мүкәммалы (тазылар, шелектер, щеткалар, шүберектер) барлығы таңбаланған. Жинау аяқталғаннан кейін ауысымның, жұмыс күнінің соңында барлық жинау мүкәммалы жуу құралдарын пайдалана отырып жуылады, дезинфекцияланады, кептіріледі Арнайы шкафқа сұраныс берілді |
6. | Қойма үй-жайларына қойылатын талаптар: | Тоңазытқыш камералары температура бақылауға арналған термометрмен жабдықталды. Қойма үй-жайлары аннайы термометр жоқ, ескерту жасалды. Тамақ өнімдерін арнайы шкафтарда сақталады. |
7. | Тамақ өнімдерін қабылдауға қойылатын талаптар | Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдауды объектіде сақталуы тиіс олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар бар. Тез бұзылатын өнімдер мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы жүргізіледі (№76 Санитариялық қағидаларға 9-қосымша ). |
8. | Тамақ өнімдерін сақтауға қойылатын талаптар | Тамақ өнімдерін сақтауға арналған қойма үй-жайларында: тамақ өнімдерінің әрбір түрі үшін ұсынылатын қоймалау нормаларына сәйкес жарық режимі, тауарлық көршілестік сақталған. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттары өндіруші белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау төмен температуралы тоңазытқыш жабдықтарында жүзеге асырылады. Қоймада температуралық-ылғалдылық өлшеу құралдары жоқ, ескерту жасалды |
9. | Перспективалы мәзірге қойылатын талаптар: | Екі апталық перспективалық мәзір жасалды. Білім алушылардың жекелеген санаттары үшін мәзір «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен бекітілген бір мәрте тамақтану нормаларына сәйкес жасалады (15-қосымша). |
11. | Мәзірге қойылатын талаптар | Күн сайын тамақтану залында объектінің басшысы бекіткен ас мәзірі ілінеді, онда тағамдардың атаулары, әрбір дайын тағамның шығуы көрсетіледі. |
12. | Күнделікті мәзірге қосылуы керек өнімдер | Тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер мен қант кіреді. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі-жеті екі апталықмәзір бойынша беріледі. |
13. | Тыйым салынған өнімдер | Тыйм салынған өнімдер тізбесі жасалған, сатылымда жоқ |
14. | Тәуліктік сынамаларға қойылатын талаптар | Тәуліктік сынамалар 48 сағат дайын тамақ өнімдерін сақтауға арналған тоңазыту жабдығының арнайы бөлінген орнында +2 °C-тан +6 °C-қа дейінгі температурада 200 г кем емес мөлшерде сақталады. |
15. | Дайын тағамдардың сапасын бақылау | Күн сайын медбике Д.Ахметова тағамдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына (бракераж) жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді |
16. | Тамақтану нормаларын бақылау | Медицина қызметкері күнтізбелік 10 күннің ішінде негізгі өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді, кейіннен тамақ өнімдері нормаларының орындалуын түзету және бақылау ведомосын жүргізеді. |
17. | Ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиенасына және арнайы киіміне қойылатын талаптар | Сақталған |
18. | Медициналық қарап-тексеруден өтуге қойылатын талаптар | Уақытылы медициналық тексеруден өтеді. Соңғы жұмыс істеуге рұқсат: 01.02.2025 жылға дейін берілді |
19 | Өндірістік бақылауға қойылатын талаптар | «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес бекітілген бағдарламаға сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылды |
20. | Ас блогында тауарларды өткізуге жол бермеу | Ас блогында білім алушыларды тамақтандырумен байланысты емес тауарларды өткізуге жол берілмейді |
Қорытынды:Ескерту бойынша жұмыс жүргізілсін
Комиссия мүшелері: Е.А.НурбековД.Н.Нұрланова
Д.Е.Ахметова