«Мектепке жол» акциясы жалғасуда » Коммунальное Государственное учереждение "Средняя школа-сад имени Койшибая Толеубекова"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2019

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Жаңа оқу жылы жақындағанда жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Бала құқығын қорғау комитеті «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акция өткізеді. Шара мақсаты: аз қамтылған және  көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.  Осы игі іске өз тарапынан көмек көрсетіп жүрген ізгі жүректі жандар аз емес. «Бір бала қуанса, мың періште қуанады», дейді халқымыз. Балалардың мектепке келмей  қалуын болдырмау үшін , шарапатты іске атсалысу шамасы келсе – әр адамның борышы. Балаларға демеушілік көрсетіп жатқан жандар баршылық. Мысалы ауылымыздың атқамінер адамдарының бірі, Абламбаев  К.У. ағамыз  3 оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсе, Жынғылбаев Ж.Ж. 3 сынып оқушысына портфель сыйға тартты. Мектеп ұстаздарымыз да көмек қолын созды. Атап айтсақ, Толеубекова С.Ж. – бір оқушыға  мектепке киетін шалбар, Салқынбаева Н.С. 2 сынып оқушысына мектеп формасын әперді. Жанымызда жақсы адам жүрсе, осынау игі шара әлі де жалғасын табар деп үміттенеміз.