Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы (Жалпы ата-аналар жиналыс хаттамасының көшірмесі) » Коммунальное Государственное учереждение "Средняя школа-сад имени Койшибая Толеубекова"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы (Жалпы ата-аналар жиналыс хаттамасының көшірмесі)
28
август
2024

Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы (Жалпы ата-аналар жиналыс хаттамасының көшірмесі)

Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Қойшыбай  Төлеубеков  атындағы  орта  мектебі» КММ 

Жалпы ата-аналалар жиналысының 

№ 1  ХАТТАМАСЫ 


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Өткізу күні: 28 тамыз 2024 жыл

Өткізу уақыты: 10.00

Қатысушылар: ата-аналар (балалардың заңды өкілдері)


Күн тәртібінде:

1.2024-2025  оқу жылының басталуы. Мектепішілік тәртіп ережелері/ Мектеп директоры А.Н.Тельжанова/

2.Мектепішілік ата аналар комитетінің құрамын бекіту/ Комитеттөрайымы Н.З.Алпысбаева/

3.Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы /ДТІЖО Л.А.Маликова/

4.Ата-анамен келісім шарт /ДТІЖО Л.А.Маликова/

5.Оқушылардың қауіпсіздігі/АӘТД жетекшісі А.Е.Жапаров/

6.Әртүрлі мәселелер     - Малақ ауылынан оқушыларды тасымалдау /ДТІЖО Л.А.Маликова/

Тыңдалды:

Үшінші мәселе бойынша ДТІЖО Л.А.Маликова сөз алып,Мемлекеттік білім беру мекемелерінде аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы және №64 Қаулыға өзгеріспен қосылған 8 тамыз 2022 жылғы №544 Қаулысымен   назар аударды. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:

- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;

- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;

- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;

- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;

- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.

Биылғы  оқу жылында да  1-4 сынып оқушылары(77 оқушы) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік  жағдайлары аз  қамтылған болып  танылған жоғары сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Барлығы 127 оқушы тегін тамақталады.  Ыстық тамақ сапасын, ас мәзірін  тексеру мақсатында бракераж комиссиясы жұмысатқаруда.  Мониторингтік топқа ерікті 3 ата ана қажет. талдап тұрып айтты. 


Жарыссөз:Толеубекова Мадина(ата ана) ерікті түрде мониторингтік топқа қосылуды сұраймын. Ерікті мониторингтік топ мүшелігінеГуля ұсыныс білдірді.


Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады.. Білім беру органдары мен ұйымдарының сайтында мектептік тамақтандыру айдары, сондай-ақ білімал электронды жүйесінде ас мәзірі, тағамдар фото суреті, бракераж комиссияларының және ведомства аралық сараптама топтарының актілері қоса берілетінін

Шешімі:

1.Мектептің ішкі ережесін сақтау сынып жетекшілер мен ата-аналар тарапынан қадағалансын.

2.Оқушылардың мектепке мектеп формасымен келу  ата-аналарға міндеттелсін.

3.Ата-аналар комитеті төрайымы өз құрамымен    қабылданып, жауапкершілік міндеттері назарға алынып, жұмыстары жандандырылсын. Жаңа оқу жылына жоспар бекітілсін

4.Бракераж комисия мүшелерінің жұмысы күшейтілсін

5.Ата аналармен келісім шарт ұйымдастыру сынып жетекшілерге жүктелсін

6.Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мектепте-  мектеп ұжымына, мектептен тыс уақытта-  ата- аналаға жүктелсін

7.Мемлекеттік қызметпен  қамтылып, уақытында құжаттар тапсырылсын. Тегін ыстықтамаққа құжаттарды жинақтау әлеуметтік педагог М.Джакуповқа, Малақ ауылына тасымалдау ДТІЖО Л.А.Маликоваға жүктелсін



Мектеп директоры:                                        Тельжанова А.Н.


Төрайым:Айтмурзинова А.Ж.


Хатшы:Ержан Н